Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат – құрамында 450 мг (90 %) диосмин және 50 мг (10 %) гесперидин түріндегі флавоноидтар бар тазартылған микрондалған** флавоноидты фракция
қосымша заттар: Микрокристалды целлюлоза, желатин, натрий крахмалгликоляты, тальк, магний стеараты, тазартылған су
Үлбірлі қабықтың құрамы: макрогол 6000, натрий лаурилсульфаты,
Қызғылт сары-қызғылт үлбірлі қабық OY-S-8761 үшін қоспа құрамында:
глицерин, гипромеллоза, магний стеараты, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
веналық-лимфалық жеткіліксіздікті (аяқтағы ауырлық, ауыру, ісіну және құрысулар) симптоматикалық емдеуде
геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдарда
Қарсы көрсетілімдер
- «Қосымша мәліметтер» бөлімінде тізбеленген белсенді компоненттерге немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Дозасы
Веналық-лимфалық жеткіліксіздік кезінде ұсынылатын доза – күніне 2 таблетка (бір немесе екі қабылдауға): таңертең, күндіз және/немесе кешке, тамақтану кезінде. Симптомдар қайтадан туындаған жағдайда, дәрігердің ұсынымы бойынша емдеу курсы қайталануы мүмкін.
Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза – күніне 6 таблетка (2 таблеткадан күніне 3 рет) 4 күн бойы, одан кейін күніне 4 таблеткадан (2 таблеткадан күніне 2 рет) келесі 3 күн бойы.
Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза – күніне 2 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қабылдау. Таблеткаларды тамақтану кезінде бүтіндей жұту және сумен ішу керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.