Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат: диметилсульфоксид - 50 мл.
қосымша заттар: жоқ.
Қолданылуы
Тірек-қимыл аппараты қабыну ауруларының кешенді емінің құрамында:
- ревматоидты артрит, Бехтерев ауруы, деформацияланатын остеоартроз, артропатиялар, байламдардың созылуында
- соғылу, жарақаттық инфильтраттар, қабыну ісінулері
- іріңді жаралар, абсцестер, жедел және созылмалы остеомиелит
- түйіндік эритема, стрептодермия
- тері-пластикалық хирургияда, тері гомотрансплантаттарын сақтауға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық
- айқын жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, атеросклероз, стенокардия
- миокард инфарктісі
- бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы
- инсульт, коматозды жай-күй
- жүктілік, лактация кезеңі
- глаукома, катаракта
- 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Компрестер, тампондар үшін сулы ерітінділер (30-50 % концентрация) түрінде қолдану керек.
ДИМЕКСИД Артериум ерітіндісі сіңдірілген дәке майлықтарды зақымданған жерлерге терінің сау жерлерін қоса, тәулігіне 1 рет 20-30 минут бойы қою керек. Майлықтың бетіне полиэтилен үлбір және мақта қағаз немесе зығыр мата қою керек.
Диффузиялы стрептодермияларда ДИМЕКСИД Артериум препаратының 40-90 % ерітіндісімен компрестер ұсынылады.
Терінің іріңді аурулары үшін 40 % ерітіндіні қолдану керек.
Тері-пластикалық хирургияда ауто- және гомотрансплантаттарға тікелей операциялар күні және одан соң трансплантатта препараттың 10-20 % ерітіндісімен таңғыштарды пайдалану керек.
Тері гомотрансплантаттарын сақтауға арналған консервациялаушы құрал ретінде Рингер ерітіндісінде препараттың 5 % ерітіндісін қолдану керек.
Көрсетілген концентрацияда препараттың сулы ерітіндісін дайындау жөніндегі ұсыныстар:
Ерітінді концентрациясы, %
Препараттың мөлшері, көлемді бөліктерде
Судың мөлшері,
көлемді бөліктерде
10
20
30
40
50
90
1
1
3
2
1
9
9
4
7
3
1
1
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 10-15 күн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.