Құрамы
Дәрілік заттың 1 таблеткасының құрамында:
белсенді зат - тазартылған микрондалған флавоноидты фракция 500 мг, оның құрамында: диосмин 450 мг және гесперидин 50 мг *;
* - «Гесперидин» деген атау флавоноидтар қоспасын білдіреді: изороифолин, гесперидин, линарин, диосметин
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), гипромеллоза, натрий лаурилсульфаты, тальк, магний стеараты.
қабықтың құрамы: бүркеуге арналған қоспасы «Opaglos 2 Orange» № 97А23967 *
* - қоспаның құрамына мыналар кіреді: натрий карбоксиметилцеллюлозасы, мальтодекстрин, декстроза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), стеарин қышқылы, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), күн батар түстес сары FCF (Е 110).
Қолданылуы
вена-лимфа жеткіліксіздігін (аяқта ауырлықты сезіну, ауыру, ісіну және құрысулар) симптоматикалық емдеуде;
геморрой жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдарда.
Дозасы
Вена-лимфа жеткіліксіздігі кезінде ұсынылатын доза - тәулігіне 2 таблетка (бір немесе екі қабылдауға): таңертең, күндіз және/немесе кешке, тамақтану кезінде. Емдеу курсының ұзақтығы бірнеше айды (12 айға дейін) құрауы мүмкін. Симптомдар қайта пайда болған жағдайда, дәрігердің ұсынысы бойынша емдеу курсы қайталануы мүмкін.
Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза - 4 күн бойы тәулігіне 6 таблетка (күніне 3 рет 2 таблеткадан), одан кейін келесі 3 күн бойы тәулігіне 4 таблеткадан (күніне 2 рет 2 таблеткадан).
Созылмалы геморрой үшін ұсынылатын доза - тәулігіне 2 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.