Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: диосмин 450 мг, гесперидин 50 мг.
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатин, натрий крахмалы гликоляты А типі, тальк, магний стеараты.
қабық құрамы: араның ақ балауызы, глицерол, гипромеллоза 2910, макрогол 6000, натрий лаурилсульфаты, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), магний стеараты.
Қолданылуы
- веналық-лимфа жеткіліксіздігін симптоматикалық емдеу (аяқтардағы ауырлық, ауырсыну, ісіну және түнгі құрысулар)
- геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдар.
Дозасы
Веналық-лимфа жеткіліксіздігінде ұсынылатын доза: күніне 2 таблетка (күннің ортасында 1 таблетка және тамақтану кезінде кешке 1 таблетка). Симптомдар қайта пайда болған жағдайда, дәрігердің ұсынысы бойынша емдеу курсы қайталануы мүмкін.
Геморройдың жедел ұстамасында: алғашқы 4 күнде күніне 6 таблетка (күніне 3 рет 2 таблетка), содан кейін келесі 3 күнде 4 таблетка (күніне 2 рет 2 таблетка). Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза - күніне 2 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қабылдау. Таблеткаларды тамақтану кезінде тұтастай қабылдап, сумен ішу керек.