Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - ботулиндік токсин А типі – гемагглютинин кешені 500 ӘБ*,
қосымша заттар – адам альбумині, лактоза моногидраты, инъекцияға арналған су**
* - бір бірлік (ӘБ) құрсақішілік енгізу кезінде тышқандар үшін LD50 дозаға тең
** - инъекцияға арналған су лиофилизация процесінде жойылады.
Қолданылуы
- фокальді спазмды симптоматикалық емдеу үшін:
ересектердің қолдарын
тобықбуыны зақымданған ересектердің аяқтарын
балалардың церебральдық сал ауруы бар 2 және одан үлкен жастағы балаларда аяқтың динамикалық эквинустық деформациясында
балалардың церебральдық сал ауруы бар 2 және одан үлкен жастағы балалардың қолдарын
- нейрогенді детрузоры, жұлынның зақымдануы (травматикалық немесе травматикалық емес) салдарынан шамадан тыс белсенділігі бар ересектердің несебін ұстай алмауын емдеу үшін немесе шашыраңқы склероз, жүйелі түрде таза мерзімді катетеризация жүргізу;
- ересектерде келесі ауруларды симптоматикалық емдеу үшін:
спазмдық қисықмойын
блефароспазм
гемифациялық спазм
антиперспиранттармен немесе антигидрозды дәрілермен жергілікті емдеуге жауап бермейтін қолтық аумағының ауыр бастапқы гипергидрозы
- 65 жасқа дейінгі ересек пациенттерде сыртқы түрін уақытша жақсарту үшін, орташа және айқын білінетін:
қастардың арасындағы аймақтың қабағын түйгенде білінетін әжімдері (қастар арасындағы тік қатпарлар)
күлген кезде барынша көрінетін латеральдік кантальды қатпарлар (көздің сыртқы бұрыштарындағы әжімдер, «қаздың табаны»деп аталатын),
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- балалардың церебральдық сал ауруына байланысты түйілуді емдеу кезінде 2 жасқа дейінгі балаларға
- барлық басқа көрсетілім кезінде 18 жасқа дейінгі балаларға
- детрузордың нейрогендік белсенділігінен несепті ұстай алмауды емдеу кезінде несеп шығару жолдарының инфекциясы
Дозасы
Қолдану тәсілі: ересе
ересектердің қолдары мен аяқтарының фокальді түйілуін емдеуде диспорт® концентрациясы 1 мл-де 100 әб немесе 1 мл-де 200 әб немесе 1 мл-де 500 әб ерітінді алу үшін инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде сұйылтылады ( диспорт® препаратын сұйылту жөніндегі нұсқаулықты қараңыз)
Диспорт® жоғарыда сипатталған бұлшықеттерге бұлшықет ішіне енгізіледі.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.