Құрамы
Құрамы
20 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар:
ментол …………………………0,61 г
камфора ..........………..……….1,05 г
тимол ………………….………0,02 г
скипидар майы..... ……….….1,11 мл
эвкалипт майы....... ………….0,30 мл
мускат майы...... ……………...0,11 мл
қосымша зат – жұмсақ ақ парафин 20 г-ге дейін
Қолданылуы
тұмаумен, мұрынның бітелуімен қатар жүретін жедел респираторлық ауруларды симптоматикалық емдеуде;
бұлшықеттің ауыруында, арқаның ауыруында;
бас ауыруында.
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;
тері жабындарының зақымданулары, препараттың болжамды қолданылатын аумақтарында тері ауруларының болуы;
бронх демікпесі;
3 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек сыртқа қолдануға арналған!
Ересектер мен 3 жастан асқан балалар үшін жақпамайдың азғантай мөлшерін жұқа қабатпен тәулігіне 2-3 рет жағады:
тұмау немесе мұрынның бітелуінде жақпамай мұрын желбезектері терісіне жағылады;
бұлшықет, арқаның ауыруында жақпамай ауырған аумаққа жағылады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ауырған аумақты жылы таңғышпен жауып қою керек;
бас ауырғанда жақпамайды самай аумағының терісіне жағылады.
Емдеу курсы 5-7 күннен аспайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.