Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді зат: ибупрофен - 5 г,
қосымша заттар: 2-пропанол, 2,2-диметил-4-гидроксиметил-1,3-диоксолан (Солкетал), полоксамер 407, орташа тізбекті триглицеридтер, тазартылған су, лаванда майы, нерол майы (Auratii Floris aetheroleum).
Қолданылуы
Долгит препараты ересектер мен 14 жастан бастап жасөспірімдерде келесі жағдайларда қолдануға арналған:
- терінің тұтастығын бұзбай жарақаттар (спорттық, өндірістік, тұрмыстық және т. б.) (көгеру, бұлшықеттер мен байламдардың созылуы немесе жыртылуы, шығып кетулер);
- бұлшықеттердегі ауырсыну (созылу, шамадан тыс жүктеме, соққылар, жарақат салдарынан);
- ауырсынған дегенеративті аурулар (артроздар);
- буындар мен омыртқаның қабыну аурулары;
- буын айналасы жұмсақ тіндерінің ісінуі немесе қабынуы (мысалы, бурсит, тендинит, тендовагинит);
- иық-жауырын периартерииті, арқадағы ауыруы, люмбаго.
Препарат симптоматикалық емге, қолдану кезінде ауыру мен қабынуды азайтуға арналған, аурудың өршуіне әсер етпейді.
Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- басқа қабынуға қарсы стероид емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық;
- препаратты қолдану орнында терінің тұтастығын бұзу (оның ішінде инфекция жұқтырған жаралар мен сыдырылулар, ылғал дерматиттер, экзема);
- гельді қолдану орнында окклюзиялық таңғышты қолдану;
- жүктілік (III триместр);
- 14 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Долгит® Гелі препаратын күніне 3-4 рет қолданылады. Зардап шеккен аймақтың мөлшеріне байланысты ұзындығы 4-10 см гель жолағы қолданылады, бұл 2-5 г гельге (100-250 мг ибупрофен) сәйкес келеді.
Ең жоғары тәуліктік доза 20 г гельді құрайды, бұл 1000 мг ибупрофенге сәйкес келеді.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.