Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат-парацетамол, 500 мг
қосымша зат - сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, сорбит Е 420, натрий докузаты, повидон, натрий сахарині Е 954, натрий бензоаты.
Қарсы көрсетілімдер
Қарсы көрсетілімдер
- парацетамолға және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық,
- гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік,
- қан аурулары, оның ішінде анемия,
-глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназа ферментінің тапшылығы,
- жүктілік, лактация кезеңі,
- созылмалы алкоголизм,
- 15 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Шығарудың бұл түрі дене салмағы 50 кг-нан асатын ересектерге арналған (18 жас және одан жоғары).
Парацетамолдың ұсынылатын тәуліктік дозасы күніне 60 мг / кг құрайды.
Ең жоғары бір реттік доза- 500 мг-нан 2 таблетка. Қабылдаулар арасында әрдайым 4 сағат аралығын сақтау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы бір стақан суда толығымен ерітіп, ішіңіз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәуліктік дозаны 4 немесе 6 қабылдауға бөлу керек, яғни әр 6 сағат сайын шамамен 15 мг/кг немесе әр 4 сағат сайын 10 мг/кг.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігердің бақылауынсыз емдеу ұзақтығы 3 күннен, қызуды түсіретін дәрі ретінде тағайындағанда және ауыруды басатын құрал ретінде 5 күннен аспауы тиіс.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.