Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - мометазон фуроаты 1 мг,
қосымша зат: цетомакрогал 1000, цетостеарил спирті, хлоркрезол, ақ вазелин, сұйық парафин, пропиленгликоль, натрий дигидрофосфаты, 1М фосфор қышқылы және/немесе 1 М натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
кортикостероидтармен емдеуге болатын дерматоздар кезіндегі қабыну құбылыстары және қышыну
псориаз (кең таралған түйінді псориаздан басқа)
атопиялық дерматит, ересектер мен 2 жастан асқан балаларда
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді заттарына немесе препараттың қосымша заттарына немесе басқа кортикостероидтарға жоғары сезімталдық
розацеа
вульгарис безеуі
тері атрофиясы
периоральді дерматит
перианустық және жыныс ағзасының қышуы
жөргек бөртпесі
бактериялық (мысалы, импетиго, пиодермит), вирустық (мысалы, қарапайым герпес, белдемелі герпес және желшешек, қарапайым сүйелдер, жедел кондиломалар, контагиозды моллюсктер), паразиттік және зеңдік (мысалы, кандида немесе дерматофит) инфекциялар
туберкулез
мерез
вакцинациядан кейінгі реакциялар
2 жасқа дейінгі балалар
Эликаны жараларда немесе ойық жаралармен жабылған теріде қолдануға болмайды.
Дозасы
Элика кремінің жұқа қабатын терінің зақымдалған жеріне күніне 1 рет жағыңыз. Балаларға, сондай-ақ бетке жергілікті кортикостероидтарды қолдануды тиімді емдік режимдерге көңіл бөле отырып, ең аз мөлшермен шектеу қажет, бұл ретте емдеу ұзақтығының 5 күннен аспауы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолданылады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.