Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат - мометазон фуроаты* 1 мг.
қосымша зат: ақ вазелин
*-артығымен серияға 2 %
Қолданылуы
кортикостероидтармен емдеуге болатын дерматоздар кезіндегі қабыну құбылыстары және қышыну
псориаз (кең таралған түйінді псориаздан басқа)
атопиялық дерматит, ересектер мен 2 жастан асқан балаларда
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді заттарына немесе препараттың қосымша заттарына немесе басқа кортикостероидтарға жоғары сезімталдық
розацеа
акневульгарис
тері атрофиясы
периоральді дерматит
перианустық және гениатальды қышыну
жөргек бөртпесі
бактериялық (мысалы, импетиго, пиодермит), вирустық (мысалы, қарапайым герпес, белдемелі герпес және желшешек, қарапайым сүйелдер, жедел кондиломалар, контагиозды моллюск), паразиттік және зеңдік (мысалы, кандида немесе дерматофит) инфекциялар
туберкулез
мерез
вакцинациядан кейінгі реакциялар
2 жасқа дейінгі балалар
Эликаны жараларда немесе ойық жаралармен жабылған теріде қолдануға болмайды.
Дозасы
Элика жақпамайының жұқа қабатын терінің зақымдалған жеріне күніне 1 рет жағыңыз.
Балаларға, сондай-ақ бетке жергілікті кортикостероидтарды қолдануды тиімді емдік режимдерге көңіл бөле отырып, ең аз мөлшермен шектеу қажет, бұл ретте емдеу ұзақтығының 5 күннен аспауы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолданылады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.