Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 100 мг ребамипид,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, төмен алмастырылған гидроксипропилцеллюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты,
Қаптауға арналған қоспа: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль (макрогол).
Қолданылуы
Асқазанның ойық жарасы, жедел гастрит, созылмалы гастриттің өршу кезеңі, асқазан шырышты қабығындағы патологиялық өзгерістер (эрозия, қан кету, гиперемия, ісіну).
Қарсы көрсетілімдер
- ребамипидке немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық,
- асқазанның қатерлі аурулары.
Дозасы
Асқазан ойық жарасы
Ересектер – тәулігіне 3 рет 100 мг (1 таблетка) таңертең, күндіз және кешке.
Жедел гастрит кезінде, созылмалы гастриттің өршу кезеңінде, асқазан шырышты қабығының патологиялық өзгерістерімен (эрозия, қан кету, гиперемия, ісіну) жай-күйді жақсарту үшін
Ересектер – күніне 3 рет 100 мг (1 таблетка).
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 2 - 4 апта, қажет болған жағдайда 8 аптаға дейін ұзартуға болады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.