Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – микрондалған нимесулид 100 мг,
қосымша заттар: натрий диоктилсукцинаты, гидроксипропилцеллюлоза, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон, гидрогенделген майсана майы, магний стеараты, натрий крахмалгликоляты.
Қолданылуы
- жедел ауырсынуларды емдеу
- бастапқы дисменорея
Эмерон препаратын екінші желідегі препарат ретінде ғана тағайындау қажет.
Нимесулидпен емдеу туралы шешім нақты пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
- нимесулидке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға бронх түйілуі, ринит, есекжем, мұрын полиптері түріндегі аса жоғары сезімталдық көріністері
- анамнезінде нимесулидке гепатоуытты реакциялар
- басқа әлеуетті гепатоуытты дәрілерді бір мезгілде қабылдау
- алкоголизм, есірткіге тәуелділік
- алдыңғы ҚҚСП емдеуден туындаған анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі
- анамнезінде белсенді немесе қайталанатын ойық жара ауруы/қан кету (екі немесе одан да көп эпизод)
- анамнезінде цереброваскулярлық қан кетулердің, басқа жерде орналасқан қан құйылулардың, сондай-ақ жоғары қанағыштықпен қатар жүретін аурулардың (оның ішінде ҚҚСП қабылдаумен байланысты) болуы
- қан ұюының күрделі бұзылулары
- ауыр жүрек жеткіліксіздігі
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин)
- бауыр жеткіліксіздігі
- суық тию немесе тұмау симптомдарының болуы
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер: ішке 1 таблеткадан (100 мг) тәулігіне 2 рет. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза-200 мг.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды жеткілікті мөлшердегі сумен қабылдайды, дұрысы - тамақтан кейін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 5 күннен аспайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.