Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді зат - микрондалған нимесулид 2,00 г,
қосымша заттар: диэтиленгликоль моноэтил эфирі, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, эдет қышқылы, ПЭГ-8 каприлді және капронды глицеридтер, карбомер, глицерол, сұйық парафин, ПЭГ/ППГ-18/6 диметикон, триэтаноламин, тазартылған су.
Қарсы көрсетілімдер
- нимесулидке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (анамнезінде) аллергиялық реакциялар (бронх түйілуі, ринит, есекжем)
- гельді ашық жараларға немесе жергілікті инфекция болған жағдайда қолдану
- сыртқа қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Гельді ауыратын жерге жұқа қабатпен жағып, толық сіңгенге дейін аздап уқалау керек, қолдану жиілігі күніне 2-3 рет. Қысатын киім кию ұсынылмайды. Процедураға дейін және кейін қолыңызды жуыңыз.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат тек сыртқа қолдануға арналған
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 7-15 күн.