Құрамы
Бір миллилитр құрамында
белсенді зат – 10.0 мг метилэтилпиридинол гидрохлориді,
қосымша заттар: натрий сульфиті, натрий бензоаты, калий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфатының додекагидраты, метилцеллюлоза, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған:
- көздің алдыңғы камерасына қан құйылу (емдеу)
- мөлдір қабықтың қабынуы және күйіп қалуы (емдеу және профилактика)
- мөлдір қабықты қорғау (жанаспалы линза таққан кезде)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Препаратты конъюнктивалық қапқа 1-2 тамшыдан күніне 2-3 рет тамызады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымына байланысты (әдетте 3-30 күнді құрайды) және қатаң түрде дәрігер анықтайды. Қажеттілік көрсеткіші бар кезде және жағымдылығы жақсы болған кезде емдеу курсы 6 айға дейін созылуы мүмкін. Қажет болғанда 4-6 ай аралықпен емдеу курсын қайталауға болады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.