Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – Буларди сахаромицеттері (Saccharomyces boulardii) штамм CNCM I-745 – 250.0 мг
қосымша заттар – лактоза моногидраты, магний стеараты,
капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
балалар мен ересектердегі жедел және инфекциялық диарея
антибиотиктерді қабылдаудан туындаған колиттер мен диареялардың профилактикасы және емі
Clostridium difficile туындаған диареяны емдеу үшін ванкомицинмен/метронидазолмен үйлесімде
ішек дисбактериозы
тітіркенген ішек синдромы
ұзақ уақыт энтеральді тамақтанудан туындаған диарея.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- орталық веналық катетері бар пациенттер
- қатер шегіндегі науқас пациенттер немесе фунгемияның даму қаупіне байланысты иммунитеті әлсіреген пациенттер.
Дозасы
1 немесе 2 капсуладан күніне 1-2 рет тамақтанар алдында немесе тамақпен бірге қабылдаңыз.
Енгізу әдісі мен жолы
Капсуланы жылы сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп, жұту керек. Пероральді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 1-2 рет.
Емдеу ұзақтығы
Ұсынылатын емдеу курсы:
- жедел диарея – 3-5 тәулік
- жедел және созылмалы бактериялық диареяны, тітіркенген жуан ішек синдромын емдеу – 10-14 тәулік
- антибиотикпен астасқан диареяның және жалған жарғақшалы колиттің профилактикасында және емінде – антибиотиктерді қолданудың барлық курсына тәулігіне 2 рет 2 капсула дозада антибиотиктермен бірге.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.