Құрамы
Құрамы
100 г ерітіндінің құрамында
Белсенді заттар: 5 – 6,25 г атталшын ұрығының құрғақ сығындысы
( құрамында 1 г тритерпенгликозид эсцинге есептегенде), 0,5 г тиамин гидрохлориді,
Қосымша заттар: 96% этанол (31 көлемі %), моногидрат лактозасы, жоғары дисперсті кремний диоксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
- көктамыр кеңеюі және тромбыдан кейінгі генездегі созылмалы көктамырлық жеткіліксіздігі және оның асқынуында
- қанмен қамтамасыз ету қызметінің бұзылуымен байланысты ауруларда:
ісінулер, балтыр бұлшықеттеріндегі құрысулар, аяқтағы ауырлықты сезінуде және ауыруында
көктамырдың варикоздық кеңеюінде, геморроидальді торларда.
Қабылдау тәсілі және дозалары
Тамақтанар алдында күніне 3 рет 12-15 тамшыдан азғантай мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау керек. Препаратты ұзақ уақыт 12 айға дейін қабылдайды.
Қолданар алдында шайқау керек!
Жағымсыз әсері
сирек: асқазан-ішек жолдары шырышты қабығының тітіркенуі
жекелеген жағдайларда: асқын сезімталдық реакциялары.