Құрамы
Бір мл ішуге арналған тамшылардың құрамында
әсер етуші зат: симетикон 40 мг
қосымша заттар: макрогол стеараты, глицерин моностеараты 40-55, карбомерлер, натрий хлориді, натрий цитраты (Е 331), сукралоза (Е 955), натрий гидроксиді (Е 524), сорбин қышқылы (Е 200), тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Тұтқырлығы төмен сүттей ақ эмульсия.
Қолданылуы
- газдардың шамадан тыс түзілуімен туындаған асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларды емдеу үшін, мысалы, метеоризмде, нәрестелердегі шаншуларда (үш айлық шаншулар).
- іш қуысы ағзаларын диагностикалық зерттеулерде қосымша зат ретінде, мысалы, рентгенологиялық зерттеулерде, іш қуысы мүшелерінің УДЗ және гастроскопияда
- беткейлік-белсенді заттармен улануда көбік жойғыш ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Доза әр 4-6 сағат сайын қабылданады. Қажет болған жағдайда дозаны қабылдау жиілігін бір жастан асқан балаларда және ересектерде арттыруға болады.
Газ түзілуінің жоғарылауынан туындаған асқазан-ішек бұзылуларында нәрестелердегі ішек шаншулар симптомдары
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.