Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір грамм гельдің құрамында
белсенді зат – 50 мг натрий диклофенагы,
қосымша заттар: гипромеллоза, изопропил спирті, макрогол-7 глицеролкокоат, тазартылған су.
Қолданылуы
ауыру, қабыну және ісінулерді симптоматикалық емдеу, мыналарда:
- жарақаттың салдарынан сіңірлердің, байламдардың, буындардың, бұлшықеттердің зақымдануында
- буындардың дегенерациялық ауруларында (тізе немесе ұсақ буындарының артрозы)
- ревматикалық аурудан туындаған жұмсақ тіндердің оқшауланған зақымдануларында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына (заттарына) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдауға жауап ретінде туындаған бронх демікпесі ұстамалары, есекжем немесе жедел риниттің болуы
- жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі
- 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Дозалану режимі
ФАНИГАН® ДЭЙ гелін теріге жұқа қабатпен жағып жеңіл ысқылай отырып тәулігіне 2 рет қолданады.
Препараттың қолданылатын мөлшері ауру аймағының көлеміне байланысты болады, мысалы 2-4 г ФАНИГАН® ДЭЙ гелі (ол салмағы бойынша диаметрі 2,0-2,5 см жуық) 400–800 см2 алаң көлеміне жағу үшін жеткілікті. Киім кимей тұрып гель кепкенше бірнеше минут күте тұрыңыз.
Препаратты жаққаннан кейін, егер қол емдеуге жатпаған жағдайда оны жуып тастау керек. ФАНИГАН® ДЭЙ гельді окклюзиялық таңғыштың астына қолдануға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер(≥65 жас)
Препараттың дозасын түзету талап етілмейді.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Препараттың дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер
Препараттың дозасын түзету талап етілмейді.
Енгізу әдісі және жолы
ФАНИГАН® ДЭЙ гель тек сыртқа қолдануға арналған. Ішке қабылдауға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және емнің тиімділігіне байланысты. 2 аптадан кейін емдеуді жалғастыру жөнінде көрсетілім қайта қарастырылу керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.