Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 10 мг амбазон моногидраты,
қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, какао, повидон К30, стеарин қышқылы, жалбыз хош иістендіргіші.
Қолданылуы
Ауыз қуысы және көмейдің жедел инфекциялық-қабыну ауруларының кешенді емі құрамында
- гингивитте, стоматитте, ангинада, фарингитте, тонзиллитте
- тонзилэктомиядан және тістің экстракциясынан кейін
Қарсы көрсетілімдер
- амбазонға немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- 14 жасқа дейінгі балаларға
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Дозасы
Ересектерге: тәулігіне 3 - 5 таблеткадан (30 - 50 мг).
14-тен 18 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі және жолы
Фарингосепт А таблеткасын жұтпай, толық ерігенше ауызда ұстап сору керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратты тамақтанғаннан кейін бірден (15-30 минуттан соң) қолданады, препаратты қабылдағаннан кейін 2-3 сағат бойы тамақ пен судан бас тарта тұру ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы – 3-4 күн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.