Құрамы
1 г препараттың құрамында
белсенді зат - диметинден малеаты 1 мг,
қосымша заттар: пропиленгликоль, 30% натрий гидроксидінің ерітіндісі, карбомер, динатрий эдетаты, бензалконий хлоридінің ерітіндісі 50%, тазартылған су.
Қолданылуы
- дерматоз, есекжем және терінің басқа аллергиялық аурулары, жәндіктер шаққанда, күнге күйгенде, беткейлі күйіктерде терінің қышуын симптоматикалық емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- диметинденге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жәндіктердің шағуына аллергия (осы мақсатта жүйелік әсер ететін препараттарды қолдану керек).
Дозасы
Ересектер мен 2 жастан асқан балалар:
гель терінің зақымданған бөлігіне жұқа қабатпен күніне 2-4 рет жеңіл ысқылау қозғалыстарымен жағып қолданылады.
Барынша көп қолдану ұзақтығы: егер препаратты 7 күн қолданғаннан кейін жақсару байқалмаса, дәрігермен кеңесу керек.
Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.