Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 400 мг пирацетам,
25 мг циннаризин
қосымша заттар: лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (E 171), желатин.
Қолданылуы
- атеросклероз және артериялық гипертония кезінде ми қан айналымының созылмалы және жасырын жеткіліксіздігі; ангиодистониялық ишемиялық ми инсульті және өткерген ми инсультінен кейінгі жай-күйде
- жарақаттан кейінгі церебрастенияда
- есте сақтау қабілеті мен басқа когнитивтік функциялардың бұзылуы басым немесе эмоционалдық-ерік-жігер тұрғысындағы бұзылуларымен психоорганикалық синдромда
- шығу тегі әртүрлі энцефалопатияда
- шығу тегі әртүрлі лабиринтопатияда (бас айналу, құлақ шуылдауы, жүрек айну, құсу, нистагм)
- Меньер синдромында
- кинетоздың профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
жүктілік
лактация кезеңі
6 жасқа дейінгі балалар
геморрагиялық инсульт
лактулоза жақпаушылығы, Lapp – лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы
Дозасы
Ересектерге препарат аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне үш рет 1-2 капсуладан 1-3 ай бойы тағайындайды.
6 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 рет 1-2 капсуладан тағайындайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 3 айдан артық қабылдауға болмайды!
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.