Құрамы
1 капсуланың құрамында
белсенді заттар:
- Жабайы сәбіз жемістері және тырнақ гүлдерінің қою экстрактісі (7.75 – 13.4):1 Daucus carota және Calendulaе flos алынған, этанол экстрагенті 70%, құрғақ затқа шаққанда – 60 мг;
Құмсалаубасы гүлдері құрғақ экстрактісі Helichrysi arenarii flos (40:1), этанол экстрагенті 50 % – 50 мг;
С3 кешені куркумині Curcumae longae rhizomes (ұзын куркума тамырларынан) (64 - 66) : 1 алынған, этилацетат экстрагенті – 20 мг;
Curcumae longae aetheroleii (ұзын куркума майы (турмерон майы)) – 5 мг;
Menthae piperitae aetheroleii (бұрыш жалбызы майы) – 7,5 мг;
қосымша заттар – магний алюмометасиликаты (неусилин UFL2), ауыр магний карбонаты, тальк, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, майсана майы;
желатин капсуласының құрамы:
капсула корпусы - титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172); желатин;
капсуланың қақпақшасы - титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- өт жолдарының обструкциясы
- холангит
- өт қабының іріңдеуі (эмпиема)
- өт тас ауруы
- бауыр мен өт қабының жедел қабыну аурулары
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- несеп шығару жолының бітелуі
- бүйректің жедел аурулары
- 6 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ішке қабылданады. 1-2 капсуладан тәулігіне 3 рет. Препаратты тамақтану алдында 30 минут бұрын, шайнамай, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды. Ең жоғары тәуліктік доза – 6 капсула.
Дозасы және емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың сипатына және ағымына қарай жекелей анықтайды. Әдетте емдеу курсы 20 күнді құрайды. Емдеу курстарын дәрігермен кеңескеннен кейін қайталап жүргізуге болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдануға арналған.