Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
Белсенді зат - 600 мг тазартылған диосмин (сусыз диосминге баламалы),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы,
қабықтың құрамы: Сепифилмтм 002 қорғаныш үлбірі (гипромеллоза, микрокристалды целлюлоза, макроголь стеараты 400), қызғылт СеписперстмAP 5523 бояғыш заты (пропиленгликоль, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), қан қызыл түстес бояғыш [Понсо 4R] (Е124), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), Опаглостм 6000 (пальма балауызы, ара балауызы, гуммилак, 95% этил спирті)
Қолданылуы
- аяқтың лимфвенозды жеткіліксіздігі (ауырлық сезімі, шаршау, аяқтың сыздауы, кешке қарай күшейетін ауырсыну, ісінулер) симптомдарын емдеу
- геморроидальді түйіндер тромбозының симптомдарын емдеу
- микроайналымның бұзылуы кезінде қосымша емдеу
Дозасы
Дозалану режимі
Ұсынылатын доза:
- Аяқ веналарының лимфовенозды жеткіліксіздігі: тәулігіне 1 таблетка тамақтану кезінде.
- Геморроидальді түйіндердің тромбозы және созылмалы геморройдың асқынуы: тәулігіне 2-3 таблетка тамақтану кезінде.
- Созылмалы геморрой: тәулігіне 1 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Аяқ веналарының лимфовенозды жеткіліксіздігі
Созылмалы лимфовенозды жеткіліксіздік кезінде тәулігіне 1 таблетка тамақтану кезінде.
Геморроидальді түйіндердің тромбозы және созылмалы геморройдың асқынуы
Геморроидальді түйіндердің тромбозы және созылмалы геморройдың асқынуы кезінде препаратты алғашқы төрт күнде тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан тамақтану кезінде; келесі үш күнде тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тамақтану кезінде.
Созылмалы геморрой
Жедел құбылыстар қайтқаннан кейін препаратты қабылдауды 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет.
Емдеу ұзақтығы
Аяқ веналарының лимфовенозды жеткіліксіздігі
Препаратты қабылдаудың әдеттегі курсы 2 айды құрайды.
Геморроидальді түйіндердің тромбозы және созылмалы геморройдың асқынуы
Емдеу курсы 7 күн. Симптомдар қайта қайталанған жағдайда емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша қайталануы мүмкін.
Созылмалы геморрой
Жедел құбылыстар қайтқаннан кейін препаратты қабылдауды 1-2 ай бойы жалғастыру ұсынылады.