Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 50 мг флуконазол
қосымша заттар: лактоза моногидраты, аэросил (коллоидты кремнийдің қостотығы), магний стеараты.
қақпақшаның құрамы: темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), желатин;
корпустың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), қан қызыл (Е 124), патенттелген көк (Е 131), бриллиантты қара (Е 151), желатин.
Қолданылуы
Флуконазол-ТК ересектердегі мынадай ауруларды емдеуге қолданылады:
криптококкты менингитті;
кокцидиоидомикозды;
инвазивті кандидозды;
шырышты қабықтардың кандидозын, соның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы;
ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғандағы ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозын (тіс протезін қолданумен байланысты);
жедел немесе қайталанған қынаптық кандидозды (жергілікті ем қолданылмайтын кезде);
кандидоздық баланитті (жергілікті ем қолданылмайтын кезде);
дерматомикоздарды, оның ішінде табан дерматофитиясын, түрлі-түсті теміреткіні және терінің кандидоздық инфекцияларын (жүйелі емдеу көрсетілген кезде);
тырнақ дерматофитиясын (онихомикозды) (басқа препараттармен емдеуге болмайтын кезде).
Флуконазол-ТК ересектердегі мынадай аурулардың профилактикасына қолданылады:
- қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары;
- олардың қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекция жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталанулары;
- қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін азайту (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар);
- ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі (химиялық емнен өтетін гемобластоздары бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушалары трансплантациясы жасалған пациенттер) кандидоздық инфекциялар профилактикасы;
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- флуконазол тәулігіне 400 мг және одан көп дозаларда бірнеше рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау
- QT аралығын ұзартатын және Р450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін, мысалы, цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, эритромицин сияқты дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдау
- галактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар науқастар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Ересектерде қолдану
Криптококкоз:
Криптококктық менингитті емдеу: қаныққан доза бірінші күні 400 мг, кейінгі доза – 6-дан 8 аптаға дейін тәулігіне 200 - 400 мг құрайды. Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларды емдеген жағдайда тәуліктік дозаны 800 мг-ге дейін арттыруға болады.
Қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококктық менингит қайталануының алдын алуға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі бойы тәулігіне 200 мг.
Кокцидиоидомикоз: 11 - 24 ай бойы немесе одан ұзақтау тәулігіне 200 - 400 мг, пациенттің жай-күйіне байланысты. Кейбір, әсіресе ми қабыршағының зақымдалуымен инфекцияларда тәулігіне 800 мг доза қарастырылуы мүмкін.
Инвазивтік кандидоз: қанықтыратын доза бірінші күні 800 мг, кейінгі доза – тәулігіне 400 мг құрайды. Кандидемияны емдеу ұзақтығы бойынша жалпы нұсқаулар – пациент қанында кандидемияның болуына алғашқы теріс нәтижені алғаннан кейін және кандидемия симптомдары толық жоғалған соң 2 апта.
Шырышты қабық кандидозын емдеу:
Орофарингеальді кандидоз: қанықтыратын доза бірінші күні 200 - 400 мг құрайды, кейінгі доза – 7-21 күн бойы тәулігіне 100 - 200 мг (орофарингеальді кандидоз ремиссиясына жеткенге дейін). Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде барынша ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады.
Өңеш кандидозы: қаныққан доза бірінші күні - 200 - 400 мг, кейінгі доза 14-30 күн бойы тәулігіне - 100 - 200 мг (өңеш кандидозының ремиссиясына жеткенге дейін). Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде барынша ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады.
Кандидурия: 7 - 21 күн бойы тәулігіне 200 - 400 мг. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде барынша ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады.
Созылмалы тері - шырышты кандидоз: ұзақтығы 28 күнге дейін тәулігіне 50-100 мг. Инфекцияның ауырлығына немесе иммундық функцияның және инфекцияның қатар бұзылуына байланысты ұзағырақ емдеу кезеңдерін пайдалануға болады.
Созылмалы атрофильді кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне 50 мг
Қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекция жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозы қайталануының алдын алу
Орофарингеальді кандидоз: тәулігіне 100 - 200 мг немесе созылмалы иммунитеті төмен пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде аптасына 3 рет 200 мг.
Өңеш кандидозы: тәулігіне 100 - 200 мг немесе созылмалы иммунитеті төмен пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеген уақыт кезеңі ішінде аптасына 3 рет 200 мг.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.