Артқа
ФЛУТИНЕКС 50 мкг/доза, назальный спрей, 120 доз

ФЛУТИНЕКС 50 мкг/доза, назальный спрей, 120 доз

3 500 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Флутиказон

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Drogsan Ilaclari San. ve Tic. A. S.

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Бір дозаның құрамында белсенді зат - 0.050 мг флутиказон пропионаты қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза және натрий карбоксиметилцеллюлозасы (Avicel RC 591), декстроза моногидраты, полисорбат 80, бензалконий хлориді (50% ерітінді), динатрий гидрофосфаты, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.

Қолданылуы

маусымдық аллергиялық риниттерді (пішен қызбасын қоса) және жыл бойы созылатын риниттерді профилактикалау және емдеу.

Қарсы көрсетілімдер

- әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 4 жасқа дейінгі балалар

Дозасы

4-тен 11 жасқа дейінгі балаларға Әрбір мұрын жолына 1 дозадан, күніне бір рет (жиынтық 100 мкг), дұрысы таңертең. Кейбір жағдайларда әрбір мұрын жолына 1 дозадан, күніне 2 рет (жиынтық 200 мкг) қажет болуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза әрбір мұрын жолына 2 дозадан аспауы тиіс (жиынтық 200 мкг). Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Әрбір мұрын жолына 2 дозадан, күніне бір рет (жиынтық 200 мкг), дұрысы таңертең. Қажет болған жағдайда - әрбір мұрын жолына 2 дозадан, күніне 2 рет (жиынтық 400 мкг). Ең жоғары тәуліктік доза әрбір мұрын жолына 4 дозадан аспайды (жиынтық 400 мкг). Симптомдарды тиімді бақылауды қолдайтын ең аз доза қолданылуы тиіс. Толық емдік әсер үшін үнемі қолдану қажет. Емдеу курсының ұзақтығын емдейтін дәрігер белгілейді. Ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізгенге дейін бірнеше күн (кейде 3-4 күн) өтуі мүмкін, соны ескерген жөн. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Пациенттердің осы санатында препаратты қолдану туралы жеткілікті ақпарат жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзетудің қажеті жоқ. Енгізу әдісі және жолы Флутинекс® препараты тек мұрын ішіне қолдануға арналған. Мұрын жолдарын мұқият тазалау қажет. Құтыны сілку және қорғаныс қақпақшасынан шаңды сүрту керек. Бір танауды саусақпен қысып, бүріккіш ұштығын екіншісіне енгізу керек. Басты құты тік қалпында қалатындай алдыға еңкейту керек. Бос танау арқылы ақырын демді ішке тарту және спрейдің жіңішке ағысын алу үшін бір мезгілде саусақпен төмен қарай ұштықтың құрсағышын басу керек. Ауыз арқылы дем шығару керек. Дәрігер тағайындаған дозаның тиісті мөлшеріне сәйкес келетін қажетті рет қайталау керек. Осы емшараны басқа мұрын жолына жасау керек. Пайдаланғаннан кейін, бүріккішті таза матамен сүрту және шаңнан қорғайтын қақпақты орнына қою керек. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар Сулы мұрын спрейі түрінде қолданылатын флутиказон пропионатының жедел және созылмалы артық дозалануы туралы деректер жоқ. Дені сау еріктілерге тәулігіне екі рет 2 мг дозада 7 күн бойы мұрын ішіне енгізу гипоталамус-питуитарлық-адреналдық (ГПА) жүйенің функциясына әсер етпеді. Кортикостероидтардың жоғары дозаларын ингаляция немесе ұзақ уақыт бойы ішке қабылдау кезіндегі симптомдар ГПА жүйесінің функциясын бәсеңдету болуы мүмкін. Емі: жоғарыда көрсетілген жағдайларда әдетте шұғыл ем қажет етілмейді, өйткені көптеген жағдайларда бүйрек үсті безінің қалыпты функциясы бірнеше күн ішінде қалпына келеді. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне жүгініңіз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар Өте жиі - мұрыннан қан кету Жиі: - мұрын мен тамақтың құрғауы және тітіркенуі - бас ауруы, жағымсыз дәм мен иіс сезімі - мұрын қуысының шырышты қабығының ойық жаралануы Өте сирек: - тері аса жоғары сезімталдығы, ангионевроздық (қантамырлық) ісіну, бронх түйілуі, анафилаксиялық реакциялар сияқты көріністермен аса жоғары сезімталдық реакциялары - глаукома, жоғары көзішілік қысым, катаракта, көру өткірлігінің төмендеуі - ауыз қуысының кандидозы - мұрын қалқасының тесілуі (өте сирек, кортикостероидтарды мұрын ішіне қолданған кезде). Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.