Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында:
белсенді зат: 206 мг бензокаин,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат,
пропилпарагидроксибензоат, жүгері крахмалы, какао майы.
Қолданылуы
– сыртқы және ішкі геморройда
– айқын ауыру синдромымен қатар жүретін артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында, анальді қышынуда
– проктологиялық операциялардан соң операциядан кейінгі кезеңде
Қарсы көрсетілімдер
– препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
– тромбоэмболиялық ауру
– гранулоцитопения
– 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі
Препаратты гигиеналық шаралардан кейін қолдану керек. 1 суппозиторийден тік ішекке тәулігіне 4 ретке дейін (таңертең, түнге қарай және ішекті әр босатқаннан кейін) енгізу керек. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 4 суппозиторий. Емдеу курсының ұзақтығы – 7 күн.
Қажет болғанда дәрігердің ұсынымы бойынша қабылдау ұзақтығын 3 аптаға дейін ұзартуға болады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.