Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 1 мг немесе 5 мг фолий қышқылы;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, магний стеараты.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған
Емдеу үшін:
- фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобласттық анемияда
Профилактика үшін:
- созылмалы гемолиздік жай-күйлер немесе гемодиализ кезінде фолий қышқылының тапшылығында
- дәрілік заттарды қабылдаудан туындаған фолий қышқылы тапшылығында
- жүктілікті жоспарлап жүрген және қауіп тобындағы әйелдерде шарананың жүйке түтігі ақаулары дамуында.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- фолий қышқылының тапшылығы салдарынан болған мегалобластты анемиямен байланысты асқынулар жағдайларын қоспағанда, қатерлі жаңа түзілімдер
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Ересектер
Фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобласттық анемияны емдеу үшін қолдану ұсынылады 4 ай бойы тәулігіне 5 мг; мальабсорбция кезінде тәулігіне 15 мг дейін қажет болуы мүмкін.
Созылмалы гемолиздік жай-күйлер немесе гемодиализ кезінде фолий қышқылы тапшылығының профилактикасы үшін: негізгі ауруға және ас ішуге байланысты әр 1-7 күн сайын 5 мг.
Дәрілік заттарды қабылдаудан туындаған фолий қышқылы тапшылығының профилактикасы үшін: тәулігіне 5 мг.
Жүктілікті жоспарлап жүрген және қауіп тобындағы әйелдерде шарананың жүйке түтігі ақаулары дамуының профилактикасы үшін: ұрықтану алдында кемінде 4 апта тәулігіне 5 мг және қабылдауды жүктіліктің бірінші триместрі бойына жалғастыру керек.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді қолдануға арналған. Таблеткаларды сумен ішіп, жұту керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.