Құрамы
белсенді зат - 6,150 мг дапаглифлозин пропандиол, 5 мг дапаглифлозинге баламалы (5 мг доза үшін)
- 12,30 мг дапаглифлозин пропандиол, 10 мг дапаглифлозинге баламалы (10 мг доза үшін),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза, кросповидон, кремний қостотығы, магний стеараты.
Таблетка қабығы: Опадрай® II сары 85F92582 (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)), тазартылған су.
Қолданылуы
2-ші типті қант диабеті
Форсига™ препараты 18 жастан бастап және одан үлкен ересек пациенттерге диетамен және дене жүктемелерімен біріктіріп жеткіліксіз бақыланатын 2-ші типті қант диабетін емдеу үшін:
- метформинді қолдану мақсатқа сай емес немесе қарсы көрсетілімді болып саналғанда монотерапия ретінде
- 2-ші типті диабетті емдеуге арналған басқа дәрілік препараттармен қосып біріктірілген ем ретінде көрсетілген.
Жүрек жеткіліксіздігі
Форсига™ препараты 18 жастағы және одан асқан пациенттерге симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін көрсетілген.
Бүйректің созылмалы ауруы
Форсига™ препараты 18 жастан асқан ересек пациенттерге созылмалы бүйрек ауруын емдеу үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
препараттың кез келген компонентіне жеке жоғары сезімталдық
1-ші типті қант диабеті
диабеттік кетоацидоз
есептік ШСЖ (еШСЖ) 25 мл/мин/1.73 м2 төмен болатын (емді бастау үшін) бүйрек жеткіліксіздігі
диализді талап ететін бүйрек ауруының терминалдық сатысы (клиникалық зерттеулер жүргізудің шектеулі тәжірибесіне орай)
тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза жақпаушылығы
жүктілік және бала емізу кезеңі
балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)