Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: фосфолипидтер 400.0 мг
(100% затқа шаққанда)
(негізгі компонент фосфатидилхолин) 300,0 мг,
натрий глицирризинаты (глицирризин қышқылы тринатрий тұзы) 65,0 мг,
қосымша заттар: бутилгидрокситолуол 0,1 мг, этанол (этил спирті) 95% 12 мг, күнбағыс майы 22,9 мг.
Капсула қабығының құрамы:
Қатты желатинді капсулалар № 0
корпусы және қақпағы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы бояғышы (Е 172), темірдің қара тотығы бояғышы (Е 172), темірдің сары тотығы бояғышы (Е 172), желатин.
Қолданылуы
- бауырдың майлы дистрофиясында (майлы гепатоз), бауырдың алкогольдік, уытты, оның ішінде дәрілік зақымдануында
- вирустық гепатиттер, бауыр циррозы, псориаз кешенді емі құрамында.
Қарсы көрсетілімдер
- антифосфолипидті синдром
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік, бала емізу кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге 1-2 капсуладан тәулігіне 3 рет, 12 жастан асқан балаларға 1 капсуладан тәулігіне 3 рет. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді.
Енгізу әдісі және жолы
Тамақтанған кезде аздаған сұйықтық мөлшерімен іше отырып, ішке қабылдайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.