Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында:
Белсенді заттар: урсодезоксихол қышқылы – 250,0 мг, натрий глицирризинаты 100% затқа шаққанда (глицирризин қышқылының тринатрий тұзы) – 35,0 мг.
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза М 101, натрий кроскармеллозасы, гипролоза (гидроксипропилцеллюлоза), магний стеараты, кремнийдің коллоидты қостотығы (аэросил).
Капсула қабығының құрамы (корпусы мен қақпақшасы): титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Қолданылуы
- алкогольдік емес стеатогепатит;
- алкогольдік бауыр ауруы;
- әртүрлі генезді созылмалы гепатиттер;
- билиарлық рефлюкс-гастрит;
- өт шығару жолдарының дискинезиясы;
- өт қабындағы холестеринді тастарды еріту;
- декомпенсация белгілері болмағанда бауырдың бастапқы билиарлы
циррозы;
- бастапқы склероздаушы холангит.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне немесе басқа өт қышқылдарына аса жоғары сезімталдық;
- рентгеноң (кальций құрамы жоғары) өт тастар;
- өт қабының жиырылу қабілетінің бұзылуы;
- өт шаншуының жиі эпизодтары;
- өт шығару жолдарының окклюзиясы (жалпы өт немесе өтқаптық түтіктерінің окклюзиясы);
- өт қабының және өт түтіктерінің жедел қабыну аурулары;
- декомпенсация сатысындағы бауыр циррозы;
- айқын бауыр жеткіліксіздігі және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі;
- жүктілік;
- емшек емізу кезеңі;
- 12 жасқа дейінгі балалар;
- ересектер және дене салмағы 47 кг дейінгі балалар (осы дәрілік түрі үшін)
- сәтсіз орындалған портоэнтеростомия немесе өт шығару жолдарының атрезиясы бар балаларда өт ағымының қалыпты қалпына келмеу жағдайлары.
Сақтықпен
- порталдық гипертензиясы бар науқастарда;
- артериялық гипертензиясы бар науқастарда.
Дозасы
Ересектер
Әртүрлі қолданылу үшін дозалау режимдерінде ыңғайлы болу үшін урсодезоксихол қышқылына шаққаны ұсынылған.
Алкогольдік емес стеатогепатит:
Орташа тәуліктік доза 2-3 қабылдауға 10-15 мг/кг құрайды. Емнің ұзақтығы 6-12 ай және одан астам болады.
Алкогольдік бауыр ауруы:
Орташа тәуліктік доза 2-3 қабылдауға 10-15 мг/кг құрайды. Емнің ұзақтығы 6-12 ай және одан астам болады.
Әртүрлі генезді созылмалы гепатиттерді симптоматикалық емдеу:
Орташа тәуліктік доза 2-3 қабылдауға 10-15 мг/кг құрайды. Емнің ұзақтығы 6-12 ай және одан астам болады.
Билиарлы рефлюкс-гастрит:
Препараттың 1 капсуласы күнделікті кешке ұйықтар алдында. Емдеу курсы 10-14 күннен 6 айға дейін, қажет болған жағдайда - 2 жылға дейін.
Өт шығару жолдарының дискинезиясы:
Орташа тәуліктік доза 2 қабылдауға 2 аптадан 2 айға дейін 10 мг/кг құрайды. Қажет болса, емдеу курсын қайталау ұсынылады.
Холестеринді өт тастарын еріту:
Урсодезоксихол қышқылының орташа тәуліктік дозасы тәулігіне 10 мг / кг құрайды, бұл келесіге сәйкес:
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.