Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат – 20 мг фуросемид;
қосымша заттар: натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Өте қысқа мерзімде өмірге қатерлі болжамымен (асқынған гипертониялық криз) висцеральді зақымданумен қатар жүретін артериялық гипертензия, атап айтқанда:
гипертониялық энцефалопатияда;
өкпенің ісінуімен сол жақ қарынша декомпенсациясында.
Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар: өкпенің жедел ісінуі, асистолия.
Жүрек, бүйрек немесе цирроз тектес ауыр натрий іркілісі.
Несеп шығару жолдарының дистальді бөлімдерінің рентгенологиясында және фуросемидпен «wash out» тест.
Педиатриялық қарқынды емде пайдалануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- сульфонамидтерге аллергиясы бар пациенттерде (микробқа қарсы сульфаниламидті дәрілер немесе сульфонилмочевина препараттары) фуросемидке «айқаспалы» аллергия дамуы мүмкін;
- ануриямен болатын бүйрек жеткіліксіздігі (фуросемидті енгізуге реакция болмағанда);
- бауыр прекомасы және кома;
- айқын гипокалиемия;
- айқын гипонатриемия;
- гиповолемия (артериялық гипотензиямен немесе онсыз) немесе дегидратация;
- кез келген этиологияда несептің ағып шығуының күрт айқын бұзылуы (несеп шығару жолдарының біржақты зақымдануын қоса);
- жүктілік;
- бала емізу кезеңі.
Дозасы
Ересектер
Парентеральді қолдану тәсілі вена ішіне немесе бұлшықет ішіне күніне 2-3 ампуладан:
- өкпенің жедел ісінуін емдеу үшін, нәтижесі жеткіліксіз болса, инъекцияны қайталауға болады;
- пероральді қабылдау жолына ауысу фуросемид инъекциясынан кейін 3 сағаттан соң емдеудің кез келген сәтінде мүмкін болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда парентеральді енгізуге ұсынылған доза тәулігіне дене салмағына 0,5-1 мг/кг құрайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.