Артқа
ГАЙРО 500 мг №10 таб

ГАЙРО 500 мг №10 таб

9:00-ден кейін қолжетімді

2 730 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Орнидазол

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Панацея Биотек Лтд.

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: - орнидазол 500 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, повидон (К-30), натрий лаурилсульфаты, тальк, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, опадри II (85G51314) жасыл. Опадри II жасыл үлбірлі қабықтың құрамы: ішінара спиртпен гидролизденген поливинил (E1203), тальк E553b, титанның қостотығы (E171), макрогол/полиэтиленгликоль (E1521), лецитин Е322, хинолинді сары (E104), бриллиант көгі (E133).

Қолданылуы

Гайро орнидазолға сезімтал микроорганизмдер тудырған инфекциялар кезінде, оның ішінде келесі жағдайларда қолдануға арналған: - трихомониаз (әйелдер мен еркектердегі Trichomonas vaginalis тудырған несептік-жыныстық инфекциялар) - амебиаз (Entamoeba histolytica тудырған барлық ішек инфекциялары, соның ішінде амебалық дизентерия, сондай-ақ амебиаздың барлық ішектік емес формалары, әсіресе бауырдың амебалық абсцесі) - лямблиоз (гиардиаз) - анаэробты бактериялардан туындаған инфекциялар (септицемия, менингит, перитонит, операциядан кейінгі жараның іріңдеуі, босанғаннан кейінгі сепсис, сепсистік аборт және эндометрит сияқты инфекциялар, анаэробты микроорганизмдердің расталған немесе болжамды қатысуы кезінде) - хирургиялық араласу кезінде, атап айтқанда жуанішекке байланысты және гинекологиялық операциялар кезінде алдын алу.

Қарсы көрсетілімдер

- орнидазолға немесе имидазолдың басқа туындыларына немесе «Құрамы» бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - орталық жүйке жүйесінің аурулары бар пациенттер - қан дискразиясы немесе қан талдауының басқа бұзылыстары - галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)- лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға - үлбірлі қабығының құрамында хинолон сары бояғыштарының және бриллиантты көктің болуына байланысты балаларға қолдануға болмайды - Кокейн синдромы («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).

Дозасы

Трихомониаз Ықтимал екі емдеу сызбасы: Емдеу түрі Тәуліктік доза Дене салмағы 35 кг жоғары Дене салмағы 35 кг-ге дейін а. Бір күндік ем Кешке 3 таблетка 25 мг/кг дене салмағы b.Бес күндік ем 2 таблетка (таңертең 1 және кешке 1) ұсынылмайды Қайта жұқтыру мүмкіндігін жою үшін жыныстық жұптас барлық жағдайда бірдей емдеу курсын алуы керек. Амебиаз Ықтимал емдеу сызбалары: а) амебалық дизентерия кезінде науқастарды емдеудің 3 күндік курсы; б) амебиаздың барлық формасында 5-10 күндік емдеу курсы. Препараттың ұсынылған дозалау сызбасы кестеде берілген. Емдеу ұзақтығы Тәуліктік доза Дене салмағы 35 кг жоғары Дене салмағы 35 кг-ге дейін Үш күн Кешке 3 таблетка бір рет; Дене салмағы 60 кг жоғары болса: 4 таблетка (2 таңертең және 2 кешке) 40 мг/кг, бір рет Бес күннен он күнге дейін 2 таблетка (таңертең 1 және кешке 1) 25 мг/кг, бір рет Лямблиоз Емдеу ұзақтығы Тәуліктік доза Дене салмағы 35 кг-ден жоғары ересектер мен балалар 35 кг-ге дейінгі балалар 1-2 күн Кешке 3 таблетка бір рет 40 мг/кг бір рет Анаэробты бактериялар тудыратын инфекциялар а) Анаэробты бактериялар тудыратын инфекцияларды емдеу Жағдайы жақсарған кезде әр 12 сағат сайын 500 мг 1 таблеткадан. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр циррозында орнидазолдың шығарылу уақыты ұзарады. Сондықтан екі енгізу арасындағы аралықты екі есе арттыру керек. Бүйрек  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Фармакокинетика бұзылмайтындықтан, дозаны түзетудің қажеті жоқ. Гемодиализ Орнидазол гемодиализ арқылы шығарылады. Қосымша доза қажет болады: 2 г тәуліктік дозада — 500 мг қосымша; 1 г тәуліктік дозада — 250 мг қосымша. Гемодиализ басталғанға дейін қосымша доза енгізіледі. Енгізу әдісі мен жолы Тамақтанғаннан кейін қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.