Құрамы
Бір грамм гельдің құрамында
белсенді зат - 0.5 мг немесе 1.0 мг ксилометазолин гидрохлориді
қосымша заттар: натрий гидрофoсфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфаты моногидраты, натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлоридінің ерітіндісі, сорбитол, гидроксиэтилцеллюлоза, глицерин, тазартылған су.
Қарсы көрсетілімдер
ксилометазолин гидрохлоридіне немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
3 жасқа дейінгі балалар (0.05% гель үшін)
12 жасқа дейінгі балалар (0.1% гель үшін)
гипофизді трансфеноидальді алып тастағаннан кейінгі немесе мидың қатты қабығын ашу арқылы өткізілетін басқа хирургиялық операциялардан кейінгі пациенттерге қолдануға болмайды
атрофиялық ринит
мұрын шырышты қабығының құрғауы (құрғақ ринит)
жабық бұрышты глаукома