Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны (арИФН- альфа2b) 500 000 ХБ, 1 000 000 ХБ, 0.010 г таурин, 0.055 г бензокаин,
қосымша заттар: қатты май, декстран 60000, макрогол 1500, полисорбат 80, эмульгатор Т2, натрий гидроцитраты, лимон қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерде урогенитальді жолдардың инфекциялық-қабынбалы аурулары кезінде кешенді ем құрамында:
- генитальді герпесте
- хламидиозда
- уреаплазмозда
- микоплазмозда
- қынаптық кандидоздың қайталануында
- гарднереллезде
- трихомонозда
- папилломавирусты инфекцияда
- бактериялық вагинозда
- жатыр мойнының эрозиясында
- цервицитте
- вульвовагинитте
- бартолинитте
- аднекситте
- простатитте
- уретритте.
Дозасы
Дозалану режимі
Әйелдердегі урогенитальді жолдардың инфекциялық-қабынбалы ауруларында.
Қынапқа (аурудың ауырлығына байланысты 500 000 ХБ немесе 1000 000 ХБ) немесе ректальді түрде (ауру сипатына байланысты) күн сайын 10 күн бойы тәулігіне 1 суппозиторийден 2 рет. Аурудың созылған түрінде 1-3 ай бойы аптасына күнара 1 суппозиторийден 3 рет.
Қынаптағы айқын инфекциялық-қабыну үдерісінде қынап ішіне таңертең 500 000 ХБ 1 суппозиторийден қолданылуы мүмкін, кешке ректальді 1 000 000 ХБ 1 суппозиторийден қынапқа құрамында бактерияға қарсы/фунгицидті агент бар суппозиторий енгізумен бір уақытта қолданылуы мүмкін.
Еркектердегі урогенитальді жолдардың инфекциялық-қабынбалы ауруларында.
Ректальді түрде 10 күн бойы тәулігіне 1 суппозиторийден 2 рет (аурудың ауырлығына байланысты 500 000 ХБ немесе 1 000 000 ХБ).