Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар – Populus D1 – 7 мл, Sabal D6 – 10 мл, Conium D6 – 10 мл, Kalium iodatum D12 – 10 мл, Ferrum picrinicum D12 – 10 мл
қосымша зат – этил спирті 43% (массасы бойынша)
1 мл = шамамен 25 тамшы
Қолданылуы
Қуық асты безінің гиперплазиясының жеңіл түрлерінде және қуықтың әлсіздігінде зәр шығарудың бұзылуы, никтурия және толық емес зәр шығару сияқты ауыр жағдайлар.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді компоненттерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- қалқанша без аурулары
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Емдеудің бас кезінде әр 30-60 минут сайын (күніне ең көбі 8 рет) 10 тамшы қабылдау керек. Жазылу белгілері пайда болған жағдайда қабылдау жиілігі күніне2-3 ретке дейін азайтылуы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған.
Толық тиімділігін қамтамасыз ету үшін Гентос® тамшылары тамақтанудан 30 минут бұрын немесе тамақ ішуден кейін кем дегенде 1 сағаттан соң қабылдануы тиіс. Гентос® - тамшылары таза түрінде немесе судың аздаған мөлшерімен ерітілген күйде қабылдануы мүмкін.
Егер ешқандай асқынулар байқалмаса, дәрілік затты 3 ай бойы қолдануға болады.
Егер шағымдар нашарласа немесе 7 күннен кейін жақсару болмаса, дәрігермен кеңесу керек
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.