Құрамы
1 г жақпамай құрамында
белсенді зат: гидрокортизон ацетаты - 0,005 г
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е218), вазелин, сусыз ланолин.
Қолданылуы
- көздің аллергиялық ауруларында (қабақтардың дерматиті, блефарит, конъюнктивит және кератоконъюнктивит);
- мөлдір қабық эпителийінің тұтастығы бұзылмаған жағдайда көздің алдыңғы бөлігінің қабыну ауруларында (блефарит, конъюнктивит және кератоконъюнктивит);
- көздің термиялық және химиялық күйігінде (мөлдір қабық ақаулары толық эпителизацияланғаннан кейін).
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді және қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
- мөлдір қабықтың эпителий ақаулары;
- бастапқы глаукома;
- вакцинация кезеңі;
- көздің іріңді, вирустық, зеңдік аурулары;
- көз эпителийінің тұтастығы бұзылуы;
- трахома, көз туберкулезі;
- 18 жасқа дейінгі балаларға;
Дозасы
Ұзындығы 1 см жақпамай жолағы төменгі қабақтың артына күніне 2-3 рет қойылады. Егер емнің аясында жағдай жақсарса, дозалау режимін тәулігіне 1-2 рет өзгертуге болады.
Офтальмологиялық жақпа жағу кезінде түтік ұшының тері немесе
конъюнктивамен бетіне жанасуын болдырмау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы – 1-2 апта. Дәрігердің тағайындауы бойынша емдеу курсы ұзартылуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.