Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат - гидрокортизон ацетаты, 10 мг,
қосымша заттар: вазелин, ланолин, пентаэритритил диолеаты (пентол), стеарин қышқылы 95, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Қолданылуы
Беткейлік, инфекция жұқтырылмаған, жергілікті глюкокортикостероидтарға сезімтал тері аурулары:
дерматиттер, оның ішінде атопиялық, жанаспалы, себореялық
экзема
псориаз
Қарсы көрсетілімдер
гидрокортизонға немесе препараттың басқа компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
жарақаттар, терінің ойық жаралы зақымдануы
терінің бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялары
терінің туберкулездік және мерездік зақымдануы
розацеа, өрескел безеулер, периоральді дерматит
тері ісіктері
жүктілік, лактация кезеңі
2 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Гидрокортизон сыртқа қолдануға арналған.
Ересектер (егде жастағы пациенттерді қоса)
Жақпамайды терінің зақымданған бөліктеріне күніне 2-3 рет абайлап жұқалап жағады.
Жасы 2-дегі және одан асқан балалар
Жақпамайды терінің зақымданған бөліктеріне күніне 2-3 рет абайлап жұқалап жағады.
Гидрокортизон жақпамайы көбіне құрғақ, қабыршықтанған немесе лихенизацияланған тері бөліктеріне пайдалануға жарамды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және емнің тиімділігіне байланысты, әдетте, 6-14 күнді құрайды. Аурудың қарқынды ағымы кезінде ол 20 күнге дейін ұзаруы мүмкін.
Жақпамайды балаларға қолданған кезде емдеудің жалпы ұзақтығын 5-7 күнге дейін шектеген және стероидтың резорбциясын (сіңуі) күшейтетін шараларды (қыздыратын, бекітетін және окклюзиялық таңғыштарды) қолданбаған жөн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.