Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 100 мг немесе 200 мг микрондалған прогестерон,
қосымша заттар: соя лецитині, жаңғақ майы,
капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
Прогестерон-тапшылықты жағдайлар.
Пероральді енгізу жолы
Гинекологиялық:
Прогестерон жеткіліксіздігімен байланысты бұзылулар:
- етеккір алдындағы синдром
- дизовуляциямен немесе ановуляциямен етеккір оралымының бұзылуы
- қатерсіз мастопатия
- пременопауза
- жатыры интактілі әйелдерде менопаузаны емдеу (эстроген еміне қосымша)
- лютеиндік жеткіліксіздігі салдарынан бедеулік.
Акушерлік:
- Анықталған лютеиндік жеткіліксіздігі кезінде түсік түсу қаупі немесе дағдылы түсік түсудің алдын алу
- Мерзімінен бұрын босану қаупі
Қынаптық енгізу жолы
- гипофертильділік, ішінара немесе тотальді лютеиндік жеткіліксіздігімен (дизовуляция, in vitro ұрықтандыру барысында лютеиндік фазаны демеу, ооциттер донорлығы) байланысты бастапқы немесе салдарлы бедеулік
- дәлелденген лютеиндік жеткіліксіздігіне байланысты ерте түсік түсу қаупі немесе дағдылы аборттардың алдын алу
- жүктіліктің 16 мен 24 апталары (аменореяның 18 мен 26 апталары) арасында өлшенген жатыр мойны қысқа ≤25 мм қауіп тобындағы әйелдерде мерзімінен бұрын босану профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде арахиске немесе сояға аса жоғары сезімталдық реакциясы
- тромбозға бейімділік, флебиттің немесе тромбоэмболиялық аурулардың жедел түрлері
- бассүйек ішіне қан құйылу немесе анамнезінде осы жағдайлардың/аурулардың бар болуы
- жыныс жолдарынан генезі айқындалмаған қан кету
- аяқталмаған аборт
- порфирия
- сүт бездері мен жыныс мүшелерінің анықталған немесе күмән туындататын қатерлі жаңа түзілімдері
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
- лактация кезеңі
Дозасы
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану әдісі - тамақ ішуден тыс жеткілікті мөлшердегі сумен капсулаларды қабылдау.
Қынаптық қолдану жолы - капсуланы қынапқа терең енгізу.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.