Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 1405 мг немесе 2100 мг глицерин,
қосымша заттар: натрий стеараты, тазартылған су.
Қолданылуы
- іш қатуды симптоматикалық емдеуде
- хирургиялық араласымнан кейін немесе ректоскопия алдында дефекация үдерісін жеңілдетуде.
Қарсы көрсетілімдер
- глицеринге немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық
- ішектің бітелуі немесе обтурациясы
- тітіркенген ішек синдромы, геморроидальді түйіндер тромбозы, анустық сызаттар, геморрагиялық ректоколит
- 18 жасқа дейінгі балаларға 2100 мг ректальді суппозиторийлерді қолдануға болмайды
Дозасы
Әдеттегі доза қажетіне қарай 1 суппозиторийді құрайды.
Тік ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындағанда:
- зерттеу жүргізуден 5-30 минут бұрын бір суппозиторий.
Балаларға 2 жастан бастап 18 жасқа дейін 1405 мг ректальді суппозиторий ГЛИЦ® тағайындалады.
Ересектерге 2100 мг ректальді суппозиторий ГЛИЦ® тағайындалады.
Жеңіл енгізу үшін суппозиторийді салқын сумен сулаңыз.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді қолданады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.