Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар:
грамицидин С дигидрохлориді – 1,60 мг (грамицидин С шаққанда - 1,50 мг);
цетилпиридиний хлориді моногидраты – 1,05 мг (цетилпиридиний хлоридіне шаққанда – 1,00 мг);
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, лимон қышқылы моногидраты, аспартам, таңқурай хош иістендіргіші, сорбитол, магний стеараты.
Қолданылуы
Тамақтың және ауыз қуысының ауыруымен қатар жүретін ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде: фарингит, тонзиллит, пародонтит, гингивит, стоматит.
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам бар)
лактация кезеңі
4 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
12 жастан асқан балалар мен ересектер: 2 таблеткадан (бірінің соңынан бірін 20-30 минут ішінде). Ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка.
4-тен 12 жасқа дейінгі балалар: 1 таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза – 4 таблетка.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.