Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 520,83 мг 96% парацетамол түйіршіктері (500 мг парацетамолға баламалы), 30 мг сусыз кофеин, 10 мг фенилэфрин гидрохлориді, 2 мг хлорфенирамин малеаты
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.
Қолданылуы
- тұмау симптомдарын және басқа жедел респираторлық вирустық ауруларды: қызба, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, ринит, синусит, тамақтың ауыруы, бұлшықет ауыруы, жөтелді емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
– белсенді затқа немесе дәрілік заттың қосымша заттарына, ксантиндердің басқа туындыларына (теофиллин, теобромин), апиындарға, антигистаминдерге, симпатомиметикалық аминдерге аса жоғары сезімталдық, Стивенс-Джонсон синдромы
- тұрақсыз стенокардияны, жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігін, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуын, туа біткен ұзартылған QT-аралығын немесе QT-аралығын ұзартатын препараттарды ұзақ қабылдауды, аритмияны, брадикардияны, айқын атеросклерозды, оның ішінде коронарлық тамырлардың, қантамырларының спазмға бейімділігін, жүректің ишемиялық ауруының ауыр түрін қоса алғанда, жүрек-қантамырдың ауыр аурулары; ауыр артериялық гипертензия, миокард инфарктісінің жедел кезеңі, жүрек-қантамыр жүйесінің органикалық аурулары, тромбоз, тромбофлебит.
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары (оның ішінде туа біткен гипербилирубинемия, Жильбер синдромы)
- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
- қуықасты безінің аурулары (кіші дәретке шығудың қиындауымен қуықасты безінің аденомасы, қуықасты безінің гипертрофиясы кезінде несептің шығуының тежелуі, қуықасты безінің гиперплазиясы, қуық мойнының обструкциясы
-асқазан-ішек жолының аурулары (асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойықжарасы, асқазан мен он екі елі ішектің стенозды ойықжарасы, пилородуоденальді обструкция; жедел панкреатит
- эпилепсия
- қан аурулары (соның ішінде айқын анемия, лейкопения, қан өндірудің бұзылуы).
- эндокриндік аурулар (гипертиреоз, қантты диабет, феохромоцитома, тиреотоксикоз, фенилкетонурия)
- тыныс алу жүйесінің аурулары (оның ішінде бронх демікпесі; созылмалы бронхит; өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, эмфизема, тыныс алу жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі)
- жабық бұрышты глаукома, көзішілік жоғары қысым.
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- Дабин-Джонсон синдромы, Ротор синдромы
- маскүнемдік
- 12 жасқа дейінгі балалар
- егде жас (60 жастан асқан)