Құрамы
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат: адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны кемінде 10000 ХБ;
қосымша заттар: динатрий эдетататы дигидраты, натрий хлориді, натрий гидрофосфат додекагидраты, калий дигидрофосфаты, повидон, макрогол 4000, тазартылған су.
Қолданылуы
Балалар мен ересектердегі тұмау мен ЖРВИ профилактикасы және емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- интерферон препараттарын және препарат құрамына кіретін компоненттерді жекелей көтере алмау;
- аллергиялық аурулардың ауыр түрлері.
Дозасы
Аурудың алғашқы белгілері кезінде Гриппферон® 5 күн бойы қолданылады:
0 жастан 1 жасқа дейін әрбір мұрын жолына күніне 5 рет 1 тамшыдан (бір реттік доза 1000 ХБ, тәуліктік доза 5000 ХБ);
1 жастан 3 жасқа дейін әр мұрын жолына күніне 3-4 рет 2 тамшыдан (бір реттік доза 2000 ХБ, тәуліктік доза 6000-8000 ХБ);
3 жастан 14 жасқа дейін әр мұрын жолына күніне 4-5 рет 2 тамшыдан (бір реттік доза 2000 ХБ, тәуліктік доза 8000-10000 ХБ);
ересектерге әрбір мұрын жолына күніне 5-6 рет 3 тамшыдан (бір реттік доза 3000 ХБ, тәуліктік доза 15000-18000 ХБ).
ЖРВИ және тұмаудың профилактикасы мақсатында:
науқаспен қатынас кезінде және / немесе салқындаған кезде препаратты күніне 2 рет бір реттік жас дозасында тамызады. Қажет болса, профилактикалық курстар қайталанады;
аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде препаратты жасқа қатысты дозада таңертең 24-48 сағат аралықпен бір рет тамызады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.