Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір пакеттің ішінде
белсенді заттар: парацетамол 360.0 мг, римантадин гидрохлориді 75.0 мг, аскорбин қышқылы 125.0 мг, цетиризин дигидрохлориді 2.5 мг, кальций карбонаты 70 сорбитолмен (кальцийге қайта шаққанда) 89.3 мг (25.0 мг);
қосымша заттар:
Аспартам (Е 951)
Сусыз лимон қышқылы
Хошиістендіргіш «Орман жидектері»
Хошиістендіргіш «Апельсин»
Хошиістендіргіш «Лимон»
Қант
Қолданылуы
- ересектер мен 12 жастан асқан балаларда тыныс алу жолдарының вируспен зақымдануы салдарынан болатын тұмауды, жедел респираторлық вирустық инфекцияларды, қызба жай-күйлерін симптоматикалық емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- асқазан-ішек жолдарының асқыну сатысындағы эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары
- асқазан-ішектен қан кетулер
- гемофилия
- геморрагиялық диатез
- гипопротромбинемия
- бүйрек жеткіліксіздігі
- бүйректің жедел аурулары (жедел гломерулонефрит, жедел пиелонефрит)
- бауырдың жедел аурулары (жедел гепатит)
- порталды гипертензия
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға - қызба синдромы сақталғанда 3-5 күн бойына күніне 1 пакеттен 3 рет.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.