Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат:
бөрікгүл (жапырақтарының құрғақ, сулы экстрактісі, мальтодекстринде) 200,0 мг,
қосымша заттар: магний трисиликаты, желатинделген жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты;
қабықтың құрамы: гуммилак (шеллак), канифоль, тальк, желатин, сахароза, кальций карбонаты, дисперсті бояғыш**, карнауб балауызы, полисорбат 80.
**Дисперсті бояғыш құрамы (opalux brown AS-9211): сахароза, темірдің сары, қара және қоңыр тотықтары (Е 172), метилпарагидроксибензоат (Е218), пропилпарагидроксибензоат (Е216)
Қолданылуы
Диспепсия ауырлық сезімімен, іштің кебуі және метеоризм сияқты ас қорытудың бұзылыстарын симптомдық емдеу үшін өсімдік дәрілік зат.
Бұл көрсетімдер тек қана препаратты ұзақ уақыт қолдану негізінде дәлелденген.
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді компонентіне, күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктерге (Compositae), қосымша заттарға жоғары сезімталдық
өт-тас ауыруы
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
туа біткен фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жетіспеушілігі бар пациенттерге
18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер