Құрамы
1 капсула құрамында
белсенді зат – урсодезоксихолий қышқылы 300 мг,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, жүгері крахмалы (түйіршіктелген), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил 200), магний стеараты, калий сорбаты,
капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е171), кармуазин (Е122), понсо 4R (Е124).
Қолданылуы
Ересектер
Өттің (оның ішінде холестеринмен аса қаныққан) сапалық және сандық өзгерістерімен қатар жүретін аурулар кезінде холестеринді тастардың түзілу профилактикасында; бұрыннан бар рентген-негативті тастарды еріту үшін тиісті жағдайлар жасау.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
өт қабының немесе өт жолдарының жедел қабынуы;
өт жолдарының обструкциясы (ортақ немесе өтқаптық өт жолдарының обструкциясы);
бауырдың жиі шаншу ұстамалары;
рентгенконтрастылы кальцийленген өт тастары;
өт қабының моторикасының бұзылуы;
асқазанның немесе он екі елі ішектің белсенді ойық жарасы;
портоэнтеростомияны жүргізу мүмкінсіздігі немесе өт жолдарының атрезиясы кезінде өттің қалыпты ағуына жағдайдың болмауы;
балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (құрамында понсо 4R (E124) және кармуазин (E122) болуына байланысты.
Дозасы
Өт қабының холестеринді тастары
Ересектер
Өт қабында диаметрі ≤ 1 см тастар бар болғанда өттің литогендік қасиеттерін төмендету үшін ұзақ уақыт бойы қолданған жағдайларда препараттың орташа тәуліктік дозасы тәулігіне 2-3 рет 10 мг/кг құрайды; бұрыннан бар тастарды еріту үшін тиісті жағдайларды қолдау мақсатында үздіксіз емдеу ұзақтығы кем дегенде 4-6 айды, кейбір жағдайларда 24 айға дейінгі мерзімді құрауы тиіс, өт қабындағы тастардың жоғалуы рентгенологиялық немесе ультрадыбыстық зерттеумен расталғаннан кейін емдеуді 3-4 ай бойы жалғастыру керек. Емдеу курсы 2 жылдан аспауы керек. Демеуші ем кезінде препараттың дозасы 2-3 қабылдауға бөлінген, тәулігіне 300 мг құрайды.
Холестазбен қатар жүретін бауырдың созылмалы аурулары: бастапқы билиарлы цирроз және склерозды холангит
Ересектер
Ұсынылған доза 2 қабылдауға: таңертең және кешке, тамақ ішу кезінде 13-15 мг/кг құрайды.
Препараттың дозасын емдеудің 4-8 аптасынан кейін оңтайлы дозаға жеткенше біртіндеп арттыру керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.