Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: аффинді жолмен тазартылған эндотелиальді NO синтазаға антиденелер - 0,003 г*.
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* лактоза моногидратына құрамында әсер етуші заттың белсенді түрі 10-15 нг/г артық емес сулы-спирт түріндегі қоспа жағылады.
Қолданылуы
- шығу тегі әртүрлі эрекция (эректильді дисфункция) бұзылулары.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық;
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер;
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
Дозасы
Бір рет қабылдауға – 1 таблетка (толық ерігенше ауызда ұстап тұру керек – тамақ ішу кезінде емес).
Тұрақты қабылдау. Жыныстық потенцияны (жыныстық қатынасқа қабілеті) тұрақтандыру үшін ұзақтығы 12 аптадан кем емес емдік-профилактикалық курс ұсынылады. Эректильді дисфункцияның айқындығына қарай қабылдау жиілігі ауытқуы мүмкін: күн ара 1 таблеткадан бастап бір таблеткадан күнделікті екі рет қабылдауға дейін, дұрысы кешкі уақытта.
Қажет болғанда курстық емді 3-6 айдан кейін қайталауға болады.
Кезеңмен қабылдау. Эрекцияны эпизодтық стимуляциялау үшін препаратты жыныстық қатынас алдында болжамды жақындасуға дейін 1-2 сағат бұрын 2 таблеткадан қабылдайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.