Қолданылуы
- жоғарғы тыныс алу жолдары мен бронхтар созылмалы ауруларының профилактикасы;
- жоғарғы тыныс алу жолдары мен бронхтардың ринит, синусит, ларингит, фарингит, тонзиллит, трахеит, бронхит сияқты жедел және созылмалы ауруларын емдеу;
- тұмау мен басқа да вирустық инфекцияларды өткергеннен кейін жергілікті иммунитетті қалпына келтіру;
- ЛОР-мүшелерге жоспарлы операциялық араласуларға дайындағанда және операциядан кейінгі кезеңде.
Дозасы
Профилактикасы үшін: ересектер мен балаларға 6 жастан бастап препараттың 1 дозасынан әр мұрын жолына 2 апта бойы күніне 2 рет (емдеу курсын күтілетін ауру жағдайының көтерілуіне дейін 2-3 апта бұрын бастау ұсынылады).
Жоғарғы тыныс алу жолдары мен бронх ауруларының жедел және созылмалы ауруларын емдеу үшін: ересектер мен 6 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына препараттың бір дозасынан инфекция симптомдары жоғалғанға дейін күніне 2-ден 5 ретке дейін.
Жергілікті иммунитетті қалпына келтіру үшін: ересектер мен 6 жастан асқан балаларға тұмаудан және басқа да респираторлық вирустық инфекциялардан кейін 2 апта бойы әр мұрын жолына препараттың 1 дозасынан күніне 2 рет.
Жоспарлы операциялық араласуға дайындық кезінде және операциядан кейінгі кезеңде: ересектер мен балаларға 6 жастан бастап әр мұрын жолына препараттың 1 дозасынан 2 апта ішінде күніне 2 рет (емдеу курсын жоспарланған операциялық араласудан 1 апта бұрын бастау ұсынылады).