Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 40 мг калий хлориді.
қосымша заттар
Хлорсутек қышқылы 1 М - рН 3.0 – 4.0 үшін
Инъекцияға арналған су – 1 мл дейін
Қолданылуы
Шығу тегі әртүрлі гипокалиемия, оның ішінде гипокалиемияға байланысты аритмия.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- шығу тегі әртүрлі гиперкалиемия немесе гиперхлоремия, толық атриовентрикулярлық немесе қарыншаішілік блокада
- олигуриясы немесе азотемиясы бар бүйрек жеткіліксіздігі
- қарыншалық фибрилляция
- Аддисон ауруы
- адреногениталиялық синдромымен астасқан гиперадренализм
- тіндердің экстенсивті ыдырауы (оның ішінде ауыр күйіктерде)
- жедел дегидратация
- ыстықтан болатын құрысулар
- калий енгізуге жоғары сезімталдықтың жай-күйі (оның ішінде тұқым қуалайтын эпизодтық адинамия немесе туа біткен парамиотония)
- калий тұздарымен және калий жинақтаушы диуретиктермен қатарлас ем
- 18 жасқа дейінгі балалық жас.
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектерде
Калий тапшылығын емдеуге арналған доза қан плазмасындағы электролиттердің нақты концентрациясына және қышқылдық-негіздік жағдайының көрсеткіштеріне сәйкес таңдалуы тиіс.
1 ммоль калий (К+) 75 мг калий хлоридіне (КСl) сәйкес келеді.
Ересектер мен егде жастағы пациенттер
Қалыпты, симптомсыз калий тапшылығын емдеуге арналған және демеуші ем кезіндегі доза:
Орташа калий тапшылығын түзету үшін және демеуші ем кезіндегі қажетті калий мөлшері келесі формула бойынша есептелуі мүмкін:
талап етілген мөлшері ммоль К+=(ДС* [кг] х 0,2)** х 2 х (қажетті концентрациясы К+ қан плазмасындағы***- нақты концентрациясы К+ қан плазмасындағы [ммоль/л])
бұл арада:
*ДС= дене салмағы;
** бұл мән жасушадан тыс сұйықтық көлемін білдіреді;
*** қажетті концентрациясы К+ қан плазмасындағы 4,5 ммоль калий/л тең болуы тиіс.
Ең жоғары тәуліктік доза (мысалы, ауыр симптоматикалық гипокалиемия немесе елеулі жоғалту жағдайында):
Дене салмағына қарай 2-3 ммоль калий/кг дейін.
Ең жоғары енгізу жылдамдығы:
Ересектерде сағатына 20 ммоль калийге дейін (дене салмағына қарай сағатына 0,3 ммоль калий/кг сәйкес). Егер қан плазмасындағы калий концентрациясы 2 ммоль калий/л аз болса, инфузия жылдамдығы сағатына 40 ммоль калийге дейін жетуі мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.