Құрамы
1 мл (0,98 г сәйкес) препараттың құрамында:
Әсер етуші компонент:
Толғақшөп шөбінен, дәрілік сүйментамыр тамырынан, гүлшетен жапырақтарынан дәрілік өсімдік сұйық шикізаттының (1:56) 976 мг қоспа экстрактісі (1:1:1)
Экстрагент: этанол 59 % (к/к), тазартылған су
қосымша заттар: жоқ
Қолданылуы
Несеп шығару жолдарының қабыну ауруларында және бүйрек тастарының түзілуін болдырмау үшін кешенді емде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың кез келген компонентіне, шатырлы тұқымдас (Umbelliferae) басқа өсімдіктерге (мысалы, анис, фенхель) немесе анетолға (эфир майларының компоненті) аса жоғары сезімталдық
- асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасының өршу кезеңінде
- 18 жасқа дейінгі балаларға
- жүрек немесе бүйрек функциясының бұзылуы салдарынан болатын ісінулер және/немесе сұйықтық ішуді шектеуді дәрігер ұсынған жағдайда.
Дозасы
Ересектерге: 50 тамшыдан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған.
Қажетті доза дозалағыш тамшы құрылғысы бар құтының көмегімен өлшенеді. Қолданар алдында шайқау керек!
Қажет болғанда ащы дәмін азайту үшін Канефрон® Н препаратын басқа сұйықтықтармен бірге қолдануға болады. Пайдаланған кезде құтыны тігінен ұстаңыз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.