Артқа
КАНИЗОН ПЛЮС 15 г Крем

КАНИЗОН ПЛЮС 15 г Крем

9:00-ден кейін қолжетімді

2 980 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Бетаметазон в комбинации с другими препаратами

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Agio Pharmaceuticals Ltd

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Дәрілік препарат құрамы Бір грамм кремнің құрамында белсенді заттар: бетаметазон дипропионаты 0.640 мг, гентамицин сульфаты гентамицинге баламалы 1.695 мг, клотримазол 10.000 мг қосымша заттар: цетомакрогол 1000, цетостеарил спирті, хлорокрезол, глицерол, ақ жұмсақ парафин, пропиленгликоль, динатрий гидрофосфатының дигидраты, динатрий эдетаты, тазартылған су.

Қолданылуы

- бактериялық және/немесе зеңдік инфекция болғанда немесе бар екеніне күдіктенгенде кортикостероидты емге сезімтал дерматоздарды емдеу. Әсіресе экссудативті процестерді емдеуге қолайлы.

Қарсы көрсетілімдер

- әсер етуші заттарға (гентамицинге және/немесе клотримазолға айқаспалы аллергия) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тері туберкулезі - мерездің теріде білінуі - желшешек - вирустық этиологиядағы тері инфекциясы (Herpes simplex) - вакцинадан кейінгі тері реакциялары - ашық жаралар - розацеа, периоральді дерматит - препарат компоненттерінің қандай да біреуіне жоғары сезімталдық (гентамицинге және/немесе клотримазолға айқаспалы аллергия) - жүктілік, лактация кезеңі - 2 жасқа дейінгі балалар

Дозасы

Жасөспірімдер және ересектер Канизон Плюс кремін зақымданған тері беткейіне тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) жұқа қабатпен жағып, жеңіл ысқылайды, бұл ретте бүкіл зақымданған бөлігі, әрі оның айналысындағы сау тері қамтылуы керек. Емдеу ұзақтығы клиникалық әсерлер нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық және микробиологиялық деректерге байланысты. Табан дерматофитиясы кезінде ұзағырақ емдеу курсы (2–4 апта) қажет болуы мүмкін. 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар Препаратты зақымданған тері беткейіне жұқа қабатпен жағып, жеңіл ысқылау керек. Жеткілікті мөлшердегі кремді тәулігіне 2 реттен жиі жақпаған жөн, аппликациялар арасындағы ең аз үзіліс 6–12 сағат. Кремді бетке, мойынға, бас терісіне, гениталий аумағына, ректальді аумақ пен тері қыртыстарына дәрігердің қадағалауымен жағу керек. Емдеу ұзақтығы 5–7 күнмен шектеледі. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Сыртқа қолдануға арналған. Шырышты қабыққа, көзге және көз айналасының терісіне жағуға болмайды. Окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды! Препаратты терінің үлкен аймақтарына көп мөлшерде немесе ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.